06 August, 2007

Рассольник

Жасалу тәсілі қазақ совет энциклопедиясы Шаңырақ кітабынан (Алматы, 1989) алынған. Рецептті сәл өзгертіп жасадым.



- 500 гр ет
- жарты стаканнан көп арпа жармасы
- 1 сәбіз
- 1 қызыл тәтті бұрыш
- 1 жасыл тәтті бұрыш
- 1 пияз
- 5-6 картоп
- лавр жапырағы
- 3-4 тұзды қияр
- 1 қасық томат

Арпа жармасын жуып, ыстық суға жібітіңіз. Етті тұрап, майға қуырыңыз. Кезек кезегімен тұралған сәбіз, пияз және бұрыштарды қосып араластырыңыз. Томат қосыңыз. Су қосып, қайнатыңыз. Көже қайнағаннан кейін, сүзілген арпа жармасын қосып, жай отта 40 минуттай пісіріңіз. Картопты тұрап қосыңыз да, тағы 15 минут пісіріңіз. Жуып, тазартылған және майдалап тұралған тұзды қиярды қосып, 20 минуттай қайнатып пісіріңіз. Сервис жасар алдында әр табақшаға майда етіп тұралған аскөк себеді.

п.с.: арпа жармасын күрішпен алмастыруға болады.

1 пікір:

Dilfuza said...

Elvir prosto u tebya super napisana vse i da eshe s fotkami. Elvira no ya ne nashla Besh barmak. MOjesh mne ti vklyuchit etu edu toje. I chto takoe Burshak? i Ayran? ya ne ponela pojalusta napishi mne.
Dilfuza