Алма қосылған маффин
Маффинолизмнен ескен тағы бір туынды. Екі рет жасадым, екеуінде де сәтті шықты. Бір ретінде жұмыстың түскі үзілісі кезінде жасағанмын! Яғни, бұл маффиндер 1 сағаттан аз уақыт ішінде жасалынып пісітін оп-оңай, дәп-дәмді маффин! Highly recommended! 
Рецепт 12 маффинға есептелінген
- 1 стакан ұн
- 1 шәй қасық ас сода
- 2 ш.қ. разрыхлитель
- жарты ш.қ. тұз
- 1 стакан қант
- 2 жұмыртқа
- 100 гр сары май немесе 50 гр сүйық май
- қабығы аршылып, үккіштен өткізілген 1 үлкен алма
Бір ыдыста еленген ұн, сода, разрыхлитель мен тұз араластырыңыз. Бөлек ыдыста жұмыртқаны кем дегенде 4 минут миксерлеп, қант қосып тағы 4 минут араластырыңыз. Май қосыңыз. Үккіштен өткізілген алма қосыңыз да, алмалар жібіуі үшін 10 минуттай қойып қойыңыз. (мен 10 минутқа қоймай-ақ алмаларды қосқаннан кейін дереу миксермен алмаларды ездім - сонда дайын маффиндерде алманың дәмі сезіліп, алмалардың өздері көрінбейді). Осы қоспаға ұн+сода+разрыхлитель+тұз қоспасын қосып жәйлап араластырыңыз. Көп араластырмаңыз. 220С алдын ала қыздырылған духовкада 20 минуттай пісіріңіз.

2 пікір:
Elya myna rezepte maidy kai uakytta kosu kerek? umytyp ketken siaktysyng jazudy...
kostim. Baykap aytkanina kop rahmet!
Post a Comment