30 June, 2008

Кәдіден салат

Бұл салатты Гүлсім апайдікінен көріп жасадым. Тұпнұсқадағыдан өзге етіп салат жапырақтары мен қызанақ қостым. Маңызды - салат тек зәйтүн майда жасалынса жақсы.



- 2 үлкен кәді
- 4 картоп
- 4 қызанақ
- салат жапырақтары
- 1 үлкен сары тәтті бұрыш
- 1 үлкен жасыл тәтті бұрыш

Кәді мен картопты аршып төртбұрыштап тұраңыз. Зәйтүн майға кезек кезегімен қуырыңыз. Қағаз майлыққа түсіріп, артық майдың майлыққа сініп кетуін қадағалаңыз. Тәтті бұрыштарды тазалап, төртбұрыштап тұрап, қатты қызып тұрған майға аз ғана қуырып алыңыз. Қызанақтарды да төртбұрыштап тұраңыз. Бәрін араластырып, тұз қосыңыз да салат жапырақтарын ірі-ірі етіп тұрап араластырыңыз.

2 пікір:

Ainur said...

КӘДІ ДЕГЕН НЕ ЭЛЬВИРА?

Эльвира said...

кәдінің орысшасы - баклажан