03 July, 2008

еріншектің ватрушкалары

дайын фотоларға басқаша сән беретін қызық сайт таптым. сол жерде мынандай нәрсе жасадым. содан, сайттың мүмкіндіктеріне қызығып, түрлендіру мақсатымен қолда бар суреттерді қайта қарап шыққанымда, ескі суреттер арасынан төмендегі ватрушкалар көзге ілінді. Оларды жасағаныма міне бір аптадай боп қалды. Аспаздыққа ілуді болса, әдеттегідей, ұмытып кетіппін. рецепт жеңіл болғанымен - қызық: кішкентай бүлдіршіндермен бірге жасағанға өте ыңғайлы.



- 125 гр сүзбе
- 25 дайын сушка (тоқаш)
- 1 жұмыртқа
- 2 қасық қант
- сүт

Сушкаларды сүтке жібітіңіз. Екі жағы да жұмсарып қалғанда, арнайы қағаз үстіне тізіңіз. Сүзбе + жұмыртқа + қант араластырыңыз. Енді осы қоспаны сушкалардың тесігіне қасықтап толтырып қойыңыз. 180С духовкада, сушкалар сәл қызарыңқырап, сүзбе көтерілген кезде астын өшіріңіз. Жұмсақ, дәмді кішкентай ватрушкаларыңыз дайын! Үйдегілерге ватрушка қамыры сушка екенін өзіңіз айтып қалмасаңыз, өздері ойлап таппайтынына нық сенімдімін. =)

п.с.: Бүгінгі қасиетті түнді ылайықты түрде өткізуіңізге тілектеспін. Жасаған әр ізгі амалыңызға Жаратқан сауабынан жазсын..

1 пікір:

Anonymous said...

Мынадай вәтрөшкәларды мамам жиі пәісіретін. Туһ, қай-қайдағыны еске салып сен де. Может үйге келіп пісіріп кетерсін, Эля!