мармеладты печенье
Осы апта "маған жасалыну керек подаркілердің тізімін" реттеумен босамай жүрмін ;) Жылына бір-ақ күн не қаласам да, не істесем де, не айтсам да бәріне де ОҢ баға берілетін МЕНІҢ күнім жақындап қалды :) Қаншаға толатынымды айтсам - сенбейсіндер. өйткені ел түгіл өзім де сенбеймін. Эх расында 50-60 жыл дегенің түк емес екен.. ыхм, тақырыптан ауытқымайын - кімде-кім Эльвираға не сыйласам екен деп қиналып отырған болса, әлі уақыт барда маған хабарлассын; бүгін барлық туыс-жора-жолдастарымның мейлдеріне жібергенімдей сізге де жіберейін "маған жасалыну керек подаркілердің тізімін" ;) бізде ұят жоқ. жылына бір-ақ рет ;) 
Негізінен печенье рецептімен бөлісуге келген екем ғой. Бұл печенье бір-ақ нәрсесімен ерекше - айва мармеладымен! Басқа да мармелад жарай береді-ау, бірақ печеньеге айванікіндеі сәл қышқылдау дәмді басқалар бере алмас. рас айтам.
- 500 гр ұн
- 250 гр жұмсартылған маргарин
- 1 стакан қант пудрасы
- 1 ш.қ. разрыхлитель
- 1 үлкен жұмыртқа
- 1 ас қасық крахмал
Жұмыртқаның сарысынан аздап бөліп қойыңыз. Шұңғыл ыдысқа ұн қойып, ортасын ашыңыз да ішіне май мен жұмыртқа, қант пудрасы, разрыхлитель және крахмал қойып жәймен араластырыңыз. Алдыменен ұнмен араластырмай тек ортадағы заттарды, кейін біртіндеп шетінен ғана ұн қосып араластырыңыз. Жұмсақ қамыр илеңіз. Жаңғақ үлкендігінде домалақтар жасап, арнайы қағаз үстіне тізіңіз. Домалақтардың ортасын оқтаумен тесіңіз. Енді ортасына шәй қасық ұшымен мармелад қойып шығыңыз. Печеньелердің шеттеріне жұмыртқа сарысын жағып шығыңыз. 180С духовкада шеттері қызара бастағанға дейін пісіріңіз. Ас болсын!


